шинхуа әгенттігінің хабары: бүкіл партияда ««әуелгі мақсатты ұмытпау, борышты есте берік сақтау» тақырыптық тәрбиесі ішкерілей өрістетілген сәтте, орталық үгіт ٴболымы 8-айдың 9-күні Бейжиңде иұй юанжұнның ізгі істерін үгіттеуді жариялап, оған ««ٴдауыр үлгісі» атағын берді.
иұй юанжұн көзі тірісінде Хунан өлкелік су игілігі меңгермесінің орынбасар бас инженері ٴары дұңтиңху су игілігі құрылысын басқару мекемесінің бас инженері болатын. Ол әуелгі мақсатты ұмытпай, борышты есте берік сақтап, су игілігі саласында табаны күректей 25 жыл еңбек етіп, дұңтиңху көлін қауіптен арылтып, ұтымды пайдалануға бар ٴомырын арнады ; ол қатаң да нақты ٴыс тындырып, батылдықпен жаңалық ашып, еколөгиәні қорғау мен жөнге салуды ғылми ٴбыр тұтас жоспарлап, қашанда кәсіп жарату ынтасы мен алға басу қызғындылығын сақтады ; ол қызмет барысында кіршіксіз болып, қыруар қаржы өбиектілерін басқарып, жеке бас пайдаға салынбады ; ол жастарды тәрбиелеп, өзіне келер-кетермен есептеспей, маманданған су игілігі қызмет қосынын барлыққа келтірді. 2019 ـ жылы 1 ـ айдың 19 ـ күні жалғасты көп күн арып-шаршап қызмет істегендіктен су игілігі инженериәсі жұмыс орнында 46 жасында қаза болды.
аударған: гүлмира қозықан қызы