
бұл ешқандай әсерлі әңгіме емес, жәй жазба ғана, бірақ осындағы әке мен шешенің азапты омырмен күрескен қайсарлығы, баланың әкесінің айықпас ауруын сезіп қалса да, қан жылаған жүрегін сабырға шақырып талмай үйренгені, ынташыл кедей баласына қалтасындағысын қағып берген қамқоршы жандардың ізгі көңілі. . Бәрі бәрі бізге көп дүниені үйіреткендей, оқуға жарарлық жолдама деп біліңіз.
әке, мен чиңхуа университетсіне өттім
таяуда Жяңсу өлкесінің Нантұң қаласында тұратын жоу пыңұй 421 нөмірлік жоғары нәтижемен (Жяңсу өлкесінің жоғары мектеп емтиханының толық нөмірі 480) еліміздің танымалы университетсі чиңхуа университетсіне қабылданды. Бірақ осы бір қастерлі шақыртудың артында қажырлы әке-шешенің ешкімге айтпаған қымбатты құпиясы жатыр еді.
жоу пыңұй Нантұң қаласының ругәу орта мектебінің оқушысы, биыл жоғары мектеп емтиханында ағалап алға шығып, чиңхуа университетсінің механика ғарыш кеңістігі және қозғаушы күш кәсібіне қабылданды. Жоу отбасы ұлының ашты еңбегінің тәтті жемісін көргеніне қабағат қуанды, олар осы бір қуанышты минутты қаншама сарыла күтті десеңізші!
««жылқы жылың алдыңда дегендей, былтырғы жыл біз үшін оңайға соққан жоқ, шашым бір күнде ағарып кетті, міне қазір ұлымның жоғары нәтижесін көріп, қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұр»,-деді жоу пыңұйдың шешесі чын хұйшан.
2018-жылы 7-айда жоу пыңұйдың әкесі жоу жянжұң науқастанып төсек тартып жатып қалды. Өлкелік шипаханаға апарып тексертіп көріп еді, бір үйдің бас қалқасына айналып отырған жоу жянжұңның бауыр рәгінә душар болғаны анықталды, ол кезде жоу пыңұй орта мектептің енді ғана үшінші жылдығын аттаған кезі еді. Егер әкесінің салмақты науқасқа душар болғанын естісе баласының оқуы мен тоқуы не болмақ###
қам көңіл әке-шеше енді жалғыз ұлының жарым көңіл халде жылап жүріп оқығанын қаламады. Екеуі тас түйін бір бекімге ат басын тіреді. ««әке, жүзің неге сынық»,-деген ұлына әкесі: баяғы сол шаршағанның кесірі екен, шипаханаға аздап көрінсем тауірленіп кетемін, сен бізге қарайламай оқуыңды жақсы оқы,-деді әкесі жымиып. Жоу жянжұң әсілі бір крпіш заводының жұмысшысы-тұғын, ауруы жанына батқасын Шаңхай сынды үлкен қалаға келіп емделуге тура келді.
отағасы денсәулығынан айырылды деген сөз қара нардың белі кетті деген сөз емес пе, осындай қиын-қыстау кезеңде үйдегі от анасы чын хұйшан барлық аурыртпашылықты мойынына алып, байгеге қосылғалы тұрған ұлының қабағына мұң ұялатпай, қиыншылық тартқызбай жақсы оқытуға құлшынды.
««күндіз күйеуімді қараймын, кештетіп үйге жетемін, балам түсте мектептен түстенеді, кеште сағат 10 да мектептен қайтады, кешкі асын дайындап болғасын, таңғы асын да әзірлеп қоямын, таңғы астан соң ұлымды мектепке аттандырып саламын да шипаханаға қарай ұшамын, осы бір қанша жылдардан бері менің өмірім шипахана мен үйімнің арасында ғана өтті»,-дейді ұлы мен күйеуі үшін күйбеңдеп жүрген ғазиз ана. ұй мен шипахананы аралығы 30 километр, чын хұйшан күнде тәңертең төк мөтөсикіліне мініп алып 3 сағат дегенде шипаханаға жетеді. Содан кеш бата қайтадан үйге тартады.
быр күні жоу пыңұй шешесінің телефөнін шұқылап отырып, әкесінің диагнөз қағазының суретке тартылған нұсқасын көріп қалады. Көрген заман төбесіне жәй түскендей меңірейіп қалады.
ол еңіреп жылады. Бірақ әкесі мен шешесінің бір өмір тартқан азабын ойлап: көз жасымды көл қылғаныммен кім көмектеседі маған, бүйтсем әке-шешемді қинағаннан басқа түк те бітірмеймін. Тек құлшына үйренуден басқа жол қалмаған екен,-деп ол есін жиды.
сол құлшыныс текке кетпеді. Жоу пыңұйға міне атағы алатаудай университетден шақырту келді.
әйтсе де жоққа жүйірік жеткен бе, шыңғырған шындық тағы да кедей отбасының есігінен сығалады: жоу жянжұңның емделу қаражаты 200 мыңнан асыпты, отбасы қарызға буылыпты.
жоу пыңұйдың университет оқу арманы талқыға түсті.
қала бойынша ағалап алға шыққан үздік оқушының чиңхуа университетге өтіп тұрса да бара алмайтынын естігенде халықтың қабырғасы қайысты. Қаладағы мейірбән жандар қарап тұрмады, бір түннің ішінде жоу пыңұйға 50 мың юань жылу атады.
қала тұрғыны уаң уипиң былай деді: біз ағалап алға шыққан баламызды қолтығынан демемесек несіне елміз. Қолымыздан келген көмекті жасауға құлшындық. Болашақта ол біздің мақтанышымызға айналатынына сеніміміз кәміл.
жоу пыңұй қала тұрғындарының өзіне дәл мынадай аналық мейірмен арқасынан қағып, алақанына әлпештейді,-деп ойлап көрмесе керек, толқыған көңілі көз тостағанына ризашылық пен бөрішкерліктің қос тамшысын ұялатты.
ол өзін қос қолдап демеген есіл жұртының ақ тілегі мен үмітіне қарыздар екенін анық сезеді.
««әкем мені ауырғанша бағып-қақты, енді міне бар ауыртпашылық еңбекқор анама түсті, әкемнің емделу ақысының өзін әрең тапсырып отырмыз. Шақырту қағазы қолымызға тыйгенде отбасымызбен бөркімізді аспанға аттық. Бірақ қолдың қысқалығы тағы да бүйірден қысты. Осындай кезде айналадағы ақ еділ жандардың арқасында арқамдағы аяздай батқан ауыр жүктен арылғандай болдым, талапшыл, өрге ұмтылған адамға жол ашық екен»,-дейді жоу пыңұй риза пішінмен.