00:00:00  
 
бас бет хабарлар Орта азиа медиаларға назар Ұлағат азаматтың айтары економика айдыны заң жане замана Парасат
агугай шалқар дариғай - даурен Алем аясында арнаулы хабар радио туралы арна кескін Бижиңдегі қазақтар

Жайдарман көңіл-күй, әр ысыңызды оңына бастырады

Келуқайнарі :Kazakcnr | Жауапты редактор: | Жаңаланған уақыт:2019-09-12

быр қанша күннің алдында, қызметке барар жолдағы метрөдә. . . Кенеттен қасымдағы екі апайдың әңгімесі ойыма әлде нені салғандай болды…. .

арада бір апай: ««менің келінім, менімен ойымдағыдай көңілді өтеді, істеген тамақ тіл үйірерлік дәмді болса, ол көбірек жейді, ал дәмсіз болып, табеті тартпаса, ол азырақ жейді, бірақ менің алдымда бұл әдеттерін көрсетуден именеді»,-деді.

сонда қасындағы ана бір апай жұлып алғандай: ««міне сұңғылалық деген осы. Менің келінім сияқты емес, мен әрқашан оның ақысыз күтушісі болып, баланы да қарап, үй тазалығын істеп жүрсем де, ол қашанда мені қорашсынады. Деседе, мен ешқашан онымен есептеспеймін, үйткені бір үйден қанат қаққан, бір үйлі жанбыз, тату-тәтті өткенге жетер бақыт қайда. Кейде оның көңіл-күйі жайсызданғанда, бірқанша ауыз лепірме сөздерін көтере салам. Қанша айтқанмен бәрімізде бір көйлекті бұрын тоздырған егде адамдармыз-ғой, ол менің жасыма жеткенде, менің шеккен жапам мен оңай-оспақ қолға келмейтін істерді табиғы түсінетін болар»,-деді.

осы сөзді естігенде ана бір апайдың сұңғылалығына қатты сүйіндім. Іс жүзінде, көп санды адамдар жонынен алғанда, әркімнің тұрмысындада ұсақ-түйек кикілжіңдер жүз бермей қоймас.

әсіресе, осы мәселелермен қайшылықтарды шешуге амалсыз болғаныңызда, тіпті жалтара алмасаңыз, қабылдау және кешірімшілдікті талдасаңыз, ««есептескен ел болмас»,-дегендей есептесуден әлде қайда атқа шапқандай жақсы болар.

тұрмыс көңілді болғанда ғана қам-қайғысыз боламыз,-деп ойлаймыз. Алайда, бақтты-бақытсыз болудың бәрі көңіл-көймен қатысп жатады. Егер сіз доңыз айбатыңызды сыртыңызға салып, күшке салар болсаңыз, ең соңында өзіңіздің жүрегіңізге жара саласыз. Ал бейғам жүріп, көңіліңізді кеңге салсаңыз, барлығы да оңына түсіп, шаттық сізді әрқашанда алақайлап қарсы алары даусыз.

былтыр бір досым жыл соңында қомақты сыйлыққа ие болсада, көңілі жай таппай, осы бір қызметтің мән-мағынасыз екенін бүкпесіз айтқан болатын. Үйткені ол соншалықты қарбаластыққа түсіп, бір жыл тырбынсада, алатын жалақысы жұмыс істемей-ақ ««ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүгіріп» жүргендерден әлде қайда аз еді. Іс жүзінде мен оның көңіл-күйін әбден түсінемін, оның бір қанша саптасы қожайынның туыс-туғаны болып, әр күні еш бодаусыз ерекше қамқорлыққа бөленіп жататын.

оның осындай кірбең көңіл-күйін аңғарған мен оған: ««өзіңді басқалармен салыстырма, өзіңмен салыстыр, биыл тапқан ақшаң, былтырғының 1 есесіндей көбейді, ойлап көр»,-дедім. Осылайша ол менің айтқанымды бірден ұғып, көңіл-күйін орнықтырып, жөніне көшті.

іс жүзінде, біздің тұрмыстағы көңілсіздігіміздің басым көбі қаңқу сөзбен мағынасыз бәсекелесу болып табылады. Тіпті кей кездері көңіліңіз жай таппағандай болып, басқалармен өзіңді салыстырып, ««елдің бәрі неге менен көңілді»,-деп ойлауың мүмкін. Ал кей кездері, тұрмыстан торығып жүргеніңізді ««басымдылыққа шыдап жүрмін, басқалар менен әлде қайда жеңіл»,-деп ойларсыз. Міне осылайша көптеген сәттерде, өзіміздің шаттығымызды басқалардың пайдалануына қарай ойыстырамыз. Бірақ, ««есептескен ел болмас»,-дегендей, қаншалық салыстырсаң, көңіл-күйіңе кірбеңдік соншалық орнай беретінін білгенің жөн. Ал керісінше өзіңе ғана салыстырсаң, бүгінгі күніңе қарағанда ертеңгі күнің атқа шапқандай ілгерлеп отырады. Бүгінгі тұрмысыңа қарағанда ертеңгі тұрмысың нұрлы болашаққа қадам тастайды, міне бұл көңіл-күйдің сізге сыйлар нұр шұғыласы.

бір оқырман күйеуінде көптеген кемшіліктер бар екенін айтып, қаңқу сөзді қарша боратты. Мысалы: ««алға ұмтылмайды, бір орында он неше жыл қызмет істеді, әйтеуір үлкен қателык өткізбеді, кіші-гірім қателык толастамады, қазір әлі сол негізгі сатыда қызметкер. Ал күнделікті әдеті де жақсы емес, темекі тартып, арақ ішіп, күніне дерлік ауызданады. Мінезіне келсек күйгелек, балаға сабырлы болмайды, ал өзіне қарата үнемі қарама-қарсы»,-деген сияқты.

қитұрқы күйеуіне көптеген әдіс-амалдар ойластырып, ««жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады»,-дегендей жылы сөйлеп, жұмсақ әңгімелесіп, жөнін айтқанда екен, тіпті болмаған соң, аюдай ақырып, ашуын шақырып, қорқытқанда сияқты. Бетіне көн жамаған қитұрқы күйеуіне бейне ««сиырдың құлағына домбыра шерткендей», еш әсер жасамаса керек, ««ит боқ жегенін қоймайдының» кебінін киіп, бәз-баяғы жолынан жазбапты.

оның әңгі-тәңкі көңіл-күйін бірден сезген мен ««енді не істейсің»,-деп сұрадым.

ол сырын жасырмай: ««мен онымен бірге болғанымда, қатты шаршадым. Егер ол шынында өзгермесе, менің де амалым жоқ, не көрмеген қу бас бәріне төзермін. Жаман-жақсы болсада ерлі-зайыпты болып, махаббаттың бал шырынына батып, күндерді бірге өткізіп келеміз. Осы бір кішкентәй кикілжің үшін отбасын ойрандап, жай-жайымызға кеткеніміз жөн болмас»,-деді.

менің ойымша ол көптеген адамдардың адал некесіне қарата шын сырын айтты. Өз жарың өз жүрегіңде, көптеген кемшіліктер мен жетерсіздіктерді оларда сіз үшін өзгертуге тырысады, міне оның бәрі көңіл-күйде. . . . Бірақ, ең соңында сен оны таңдаған болсаң да, іс жүзінде сенімен толық отаса алмайтын көңіл-күйін талдадың, тіпті осындай амалсыздық пен төзімділіктің өмір бойы бірге болатынын байқайтын боласың.

сондықтан, ««кең болсаң, кем болмайсң» . Әрқандай махаббаты жарасқан жақсы некедеде отбасы кикілжіңдері таусылмайды. Ең жақсысы қарсы жақтың артықшылығын көбірек байқауды үйренген соң, азғантай кемшіліктерді ескерусіз қалдырып, елемей, кешірім ету. Тіпті төтесінен бір көзін ашып, бір көзін жұмып, түк білмегеннің кебінін киюгеде болар.

бір ауыз сөзбен айтсақ, өмір болжаусыз дүние. Әрбір пенденің осы дүниеде уайымы, азабы, көңілсіздіктері табиғи өмір сүреді. Көп санды уақыттадар біз ««мол ақша тауып, қазына-мүлік топтап, тіпті де мол дүние-мүлікке ие болсақ, тұмысымыз жақсы болып, өміріміз мәнді де сәнді болады»,-деп ойлаймыз. Бірақта, шаттық адамдардың әдеттегі күйі емес, олбыр түрлі көңіл-күй. Кейбіреулер барлық ісі оңына басып, сәтіне түсіп тұрсада, күн бойы салыны суға кетіп жабырқап жүреді. Ал кейбір адамдар өмір бойы тырбынып жақсылққа қол жеткізуге тырысып, өмір арбасын тоқтаусыз алға сүйреп, арып-шаршап жүрседе, жұлдызды аспанға көз тастап, таңғы күннің шапағын қарсы алған бейнеде шаттанып, әрқашан қанағатты көңіл-күймен жүреді.

адам болып өмірге келген соң соңына дейін тырбыну әсте кәсіп үшін, я болмаса басқалармен бәсеке, талас-тартыс үшін емес, қайта көңіл-күйдің сергектігі үшін екенін білуіміз керек. Көңіл-күй өміріңіздің жан серігі, көңіл-күй жақсы болса барлық іс оңына басады, көңіл-күй былықса, бәрі де былығады.

 
Бұгынгы жаңалықтар
temırjol 12306 qol telefonı arqalı belet satıp alw kasıbı jeltoqsannıñ 8-kunınen bastap atqarıladı
memlekettık keñestıñ taywan ısterı keñsesı aqparat jaryalaw ٴmajılısın aştı
Qıtay kedeylikten äriltwdän qamäl älwdä şeşwşi täbisqa qol jetkizdi
awelgi maqsattı umıtpay, borıştı arqalap, parıqtardı tawıp, tyanaqtandırwdı mıqtı ïgereyık-jer-jerler ekı
wäñ yañ jyañşïdä ٴdin qazmeti jöninde tekserw-zerttew jürgizdi
lï janşw memlekettık 13-kezektı xalıq qurıltayı turaqtı komïtetınıñ 39-retkı komïtet bastıqtarı ٴmajıl
lï kïçyañ Qıtay-a q ş kasıporınşılar suxpatına qatınasqan a q ş wakılderımen kezdestı ٴarı añgime ٴm
Qıtay men a q ş kasıporınşılarınıñ suxbatı beyjïñde otkızıldı
ortalıq ٴtartıp tekserw komïtetı, memlekettık baqalaw komïtetı televïzor-telefon ٴmajılısın aştı, jaw lı
8-kezektı dunïe juzılık Qıtay tanw talqası şañxayda aşıldı
Радио филм
adebïet jane oner (bal balalıq) 2012-10-12
zerde 2013-12-13
arşınday alğa tartqan ıle qazaq avtonomyalı oblısı 32-bolım
xabarlar 2013-12-13
adebïet jane oner (xalıq änı qazınam) 2013-12-12
adebïet jane oner (älqïsa) 2013-12-12
dünïe dïdäri 2013-12-12
xabarlar 2013-12-12
arşınday alğa tartqan ıle qazaq avtonomyalı oblısı 31-bolım
xabarlar 2013-12-12
Қазақ радио торабының байланыс әдырысы: Електронді почта :

Әдырысы : Бижиң қаласы фушиңмын сыртқы кошесі 2-аула жұңго радио торабы почта нөмыры :100866
Телефон:010-86093114 400-668-0040 Факыс :010-63909751
E-mail:cn@cnr.cn
Торапта таратылатын дыбыс кескін бағдарламаларының рұхсат нөмыры 0102002
Орталық халық радио стансиасы баспа ұқығы (C)
网上传播视听节目许可证号 0102002 京ICP备05065762号