
жапонияның бас уәзірі әнбей жинсан 9-айдың 5-күні Ресейдің Вләдивөстөк қаласында Ресей президенті владимир путинмен кездесті, соңынан Ресейдің 5 ـ кезекті шығыс еконөмика талқы мінбесіне қатынасты. Әнбей путинды жапония-Ресей бейбытшілік шартын жасасу сынды ««тарихи жәуәпкершілікті» арқалауға қузады, алайда Ресей жақтың емеуірінінен қарағанда, Ресейдің шарт жасасу майданында ««озгеріс жоқ» .
ресей әуелгі майданынан жазбады
әнбей путинмен кездескенде былай деді: бейбытшілік шарты және халықаралық істер сияқты мәселелер жөнінде Ресеймен үздіксіз пікір алмастыруды, сонымен бірге екі жақтың осыдан бұрын ортақтыққа келген істердің тыйанақтану аяқ алысын тұрақтандыруды үміт етемін.
путин жауап ретінде былай деді: екі жақты қатынас орнықты дамыды, Ресей бұдан былайғы қарым ـ қатынас жөнінде үздіксіз пікірлесуді қалайды.
екі ел басшылары 10 ـ айда талас аралдарда бірлесіп саяхаттау кәсібін өрістетуге қосылды.
жапония жақ хоккайдо аралының сөлтүстігіндегі чы-У, сы-дан, гохоу, зыжо сияқты төрт аралды сөлтүстіктегі төрт арал деп атаса, Ресей жақ оңтүстік курил топ аралы деп атап келеді. Осы аралдар дүние жүзілік екінші соғыстан бұрын жапонияға тән еді, дүние жүзілік екінші соғыстан кейін совет одағы басып алды, совет одағы ыдырағаннан кейін Ресей мұрагерлік ететін ел ретінде қарамағында меңгерді. Ресей мен жапония содан бері осы аралдардың иелігіне таласып, күні бүгінге дейін бейбытшілік шартын жасаспады.
ресей президентінің көмекшісі юри ушәков таяуда Ресей медияларінә Ресей мен жапония басшыларының қазіргі селбестік жүлгесін жалғастыруға қосылатындығын айтты, алайда Ресей бейбытшілік шартын жасасу майданын ««өзгертпеді» . Екі ел басшылары биыл 11-айда чилиде өткізілетін Азия-тынық мұхит еконөмикалық селбестік ұйымы басшыларының мәжілісі кезінде жалғасты кеңеспекші.
әнбей мен путин былтыр ««жапония мен өз кезіндегі совет одағының 1956-жылғы ортақ жарнамасына» негізделіп, бейбытшілік шартын жасасу келіссөзінің аяқ алысын тездетуді белгіледі, алайда кейінгі келіссөзде ілгерілеушілік болмады. Жарнамадағы қатысты тармақтарда былай деп белгіленген: совет одағы шарт жасалғаннан кейін жапонияға талас аралдардың ішіндегі көлемі кішірек сы дан, чы У аралдарын өткізіп береді. Путин 2018 ـ жылы 11 ـ айда былай деді: жарнамада совет одағы жапониямен бейбытшілік шартын жасасқаннан кейін, жапонияға екі аралды өткізіп беруге пейіл болғанымен, осы аралдардың иелік ұқығы ауызға алынбады.

әнбей Ресейдің шығыс еконөмика талқы мінбесінде сөз сөйлеп былай деді: жапония мен Ресейдің құлшынуының арқасында екі жақты селбестікте ілгерілеушілік болды. Бұдан тыс, біз бейбытшілік шартын жасасу сынды тарихи жәуәпкершілікті арқалап отырмыз. Тарихи жәуәпкершілікті орындап, бейбытшілік шартын жасайық әрі халықтың шексіз көмескі күшін ашайық.
әнбей жапония мен Ресейдің еконөмикалық селбестігін тілге тыйек етіп, осы селбестіктер өткен 3 жылда 200 ден астам жекеше өбиектіні жебеді,-деді.
ол тағы былай деді: жапония кеме жасау тобына қарасты бір кәсіпорын мөсквә маңындағы жерден қоқыр-қоқсықтарды өртеу заводын құрып, күніне 7600 тонна жарақсыз заттарды бір жайлы етеді, төк шығару мөлшері 1 миллион 500 мың адамның електр қажетін қанағаттандыра алады, бұл мөскваға қажетті електр мөлшерінің %10 іне барабар.
киөдө әгенттігінің хабарына қарағанда, әнбей сөлтүстіктегі төрт аралда ортақ еконөмикалық қимылды ертерек жүзеге асырып, келіссөзде жағдай жаратуды үміт етуде.
аударған: Гүлнұр қабылқақ қызы