00:00:00  
 
бас бет хабарлар Орта азиа медиаларға назар Ұлағат азаматтың айтары економика айдыны заң жане замана Парасат
агугай шалқар дариғай - даурен Алем аясында арнаулы хабар радио туралы арна кескін Бижиңдегі қазақтар

Кенесәрi

Келуқайнарі :Жүңгө қазақ радё торабы | Жауапты редактор:Дәүiлбек | Жаңаланған уақыт:2014-01-07

қәлйбек сiрлiбек ұлы


( пөемә )



жаүға шапты атойлап,
ненi аңсады?
көз алдымнан кетпейдi елесi әлi.
еркiндiк пен елдiктiң жәләүгерi,
соңғы ханы қазақтың кенесәрi.

мәңгi өлмейдi хан батыр ел бастаған,
елi үшiн жан берiп жер жастанған.
берекеге шақырған түған елiн,
естiледi ұраны ендi аспаннан.

оңамақ боп құл болған ел тiрлiгiн,
кене ханның кешегi дертiн ұғын.
өзiн арнап жолына шайт болыпты,
бйiк қойып елiнiң еркiндiгiн.

ел басына күн түды қәрәтүнек,
қалды адыра ертеңгi арман- тiлек.
жаүға қарсы атойлап соққы бердiң,
түған жердi тұғыр ғып табан тiреп.

көз алдыңда боялды далаң қанға,
тағдыр елдi ойнатты алақанда.
iзiң қалды өшпестей жетiсүдә,
iзiң қалды мәңгiлiк сары арқада.

iрге жаүы елдiкке iрткi сап,
ел iшiнен болыпты қырық пышақ.
ереүiлге ермептi бiр ынжықтар,
сен жүргенде ерлiктiң түын ұстап.

елден кетiп елi үшiн қазақ атты,
соңғы өмiр жолында жаза басты.
жаү елiнде ұйқы да жаү дегендей,
жаү қолында жат жерде қаза тапты.

алты алашқа әйгiлi атақ- даңқы,
ерлiк жырдың ол мәңгi хаهарманы.
басын алды жаүлары жасырын кеп,
шайқасүға қарсы кеп бата алмады.
таүап етем мен бүгiн арүағыңа,
ерлiгiңе кешегi таүлар күә.
арманыңды жүзеге асыра алмай,
қапы қалып мерт болдың жаү қолында.

ағайынды әрбiлеп қас дұшпаны,
асырды да айласын басыңды алды.
аңдыған жаү қашан да алмай қоймас,
еңiреген ел- жұртың бассыз қалды.

артық қойып ел қамын өмiрiнен,
жортып жүрiп далада бөрi жүрген.
тiрiсiнде жар салып өр үнiмен,
үндеп кеттi ерлiкке өлiмiмен.

құтқарам деп құлдықтан еркiн елдi,
жүрегiңе қаншама шер түнедi.
азғындаған ағайын қақпан құрып,
орындалмай қалды ақыр ел тiлегi.

бiр халықтың қолыңа ап бар тағдырын,
бүгiн маған белгiлi батқан мұңың.
ендi бүгiн арман боп жаңғырады,
көңiлiмнiң көгiнде хаهарлы үнiң.

сол далаңнан өшпейдi iзiң мүлде,
қаның сенiң тамыпты қызыл гүлге.
арманыңа жете алмай кете бердiң,
үмiтiңмен бiрлiкте үзiлдiң де.

тұяғынан от шашып тұлпарының,
жаүға шапты атойлап жұрттан бұрын.
мәңгi өлмейдi ұлтымның ер ұланы,
артық қойған бәрiнен ұлт тағдырын.

ғәзез жанын ер екен елге ұсынған,
тайынбаған елi үшiн жер құшүдан.
ендi мәңгi жасайды ел жадында,
еңсесi асқақ алып таү, зеңгiр шыңнан.

өмiрiне үлгi ғып мәңгi ерлiктi,
арманына жетем деп дәрмен қыпты.
қарсы шаүып ажалға тайсалмастан,
бүгiнi үшiн елiнiң жан берiптi.
арпалысып азырақ демiн алды,
қазақ деген артында елi қалды.
өлмес ғұмыр кешiрдi өлiмiмен,
одан артық ғұмырды не қылады.

үнсiз қалды бiр сәтке дала мүлгiп,
жүрегiнен жылады жаралы жұрт.
сен сүйенген, сен сүйген алып таүдың,
басты келiп еңсесiн қараңғылық.

кегiн кезеп жаүына семсер қылып,
сөндi осылай даламнан ең соңғы үмiт.
таүы шөгiп, ерлерi бұқпа болып,
жат табанда тапталды еңселi жұрт.

арманына ел солай жете алмады,
ер өлiмi елiне дерт арнады.
бас көтерер азамат iштен тынып,
қәрәтүнек түнедi кең даланы.

тұмшалады айықпас аспанын мұң,
домалады тасы өрге қас жаүының.
ел мен жерi арысы кеткеннен соң,
табанында тапталды тас тағдырдың.

елi көндi тағдырға амалсыздан,
қарап тұрып айрылды даласынан.
қызүында темiрдi соқпаған соң,
ес қатпады ендiгi алаш ұран.

мiне бүгiн сол елiң теңдiк алды,
құл болмайды ешкiмге ендi мәңгi.
ұрпағының ұрпағы ұмытпастай,
тыртық болып жанында белгi қалды.

кеттi мәңгi келмеске дерттi күнiң,
әйгiледiң бөрiнiң тектiлiгiн.
артқа салып ғасырдың қәсiретiн,
сен аңсаған арманға жеттi бүгiн.

түрленiп тұр кешегi далаң бүгiн,
алтын күннiң жамылып алаү нұрын.
арманыңды орындап, әрүәғiңмен,
қоғап кепсiң далаңның амандығын.
еске аламын езiлiп сонаү күндi,
бақ жұлдызы елiмнiң сөндi ақыры.
қорғап кепсiң кйеңмен арүақ болып,
өзiң сүйген ардақты сол халқыңды.

қайта оралмас сапарға ендi мәңгi,
сен аттандың, артыңда жерiң қалды.
қанша ғасыр өце де өкiнiшпен,
жатырсың ба өкпелеп елiңе әлi.

даласындай пейiлi бейқәм халық,
тағдырына жүредi кейде алданып.
елiң сенi есiнен шығармапты,
осы күнге келiптi бейнеңдi алып.

елiм деген ұраның жұртқа әйгi едi,
елiң кеше жаныңды ұқпай келдi.
мұратыңа ендi елiң мүрәгер боп,
еркiндiктiң жалаүын жықпайды ендi.

iздерiңнен өрiлiп жыр шүмағы,
сол далаңды аралап жүрсiң бе әлi.
ғасыр бойы жан сырын iшке бүккен,
мынаү дала мен үшiн тiлсiм мәңгi.

тiлсiм дала тiрлiктiң жер ошағы,
ашық болсын әмәндә кең аспаны.
өзi сүйген елiнiң ендi мәңгi,
жүрегiнде жасайды кенесәрi.

Қазақ радио торабының байланыс әдырысы: Електронді почта :

Әдырысы : Бижиң қаласы фушиңмын сыртқы кошесі 2-аула жұңго радио торабы почта нөмыры :100866
Телефон:010-86093114 400-668-0040 Факыс :010-63909751
E-mail:cn@cnr.cn
Торапта таратылатын дыбыс кескін бағдарламаларының рұхсат нөмыры 0102002
Орталық халық радио стансиасы баспа ұқығы (C)
网上传播视听节目许可证号 0102002 京ICP备05065762号

OLDSRC="News_list.css" OLDID="405" RELATED="1">>> OLDSRC="News_list.css" OLDID="405" RELATED="1"> OLDSRC="News_list.css" OLDID="405" RELATED="1">